11
April
2022
Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры
Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры
1991 жыл- еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Бүгінде сол сәбидей қадам басқан еліміз әлем сахнасында ойып орын алар, мақтанарлықтай беделге ие мемлекеттер қатарында.
Сол сәттен бері міне, 30 жыл да өте шықты. Әрине 30 жыл деген аз уақыт емес. Десек те, осындай аз ғана уақыттың ішінде жас мемлекетіміз көптеген ірі экономикалық , саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан үшін , қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес, тәңірдің сыйы. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында қаншама қан мен жас төгілді. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін қанша адам өз жандарын пида етті. Осынау ұлы жеңіске қол жеткізуде кешегі тарихи ақтаңдақтармен бірге, әлі бояу сіңе қоймаған, құпиясы толық ашылмаған Желтоқсан оқиғасының да септігі аз емес. Бұл азаттықты аңсаған елдің сенімі мен жігерінің арқасы.
@aksu_bilim_bolimi20
@begimbek_ramazanov[/center]


