Білім беру ұйымдарында қаржы жинауға тыйым салу туралы » Жетісу облысы, Ақсу ауданы, «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Ю.Гагарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2024

Білім беру ұйымдарында қаржы жинауға тыйым салу туралы

Білім беру ұйымдарында қаржы жинауға тыйым салу туралы Облыстың барлық білім беру ұйымдарында түрлі себептермен (жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кеңсе тауарлары, салтанатты шаралар барысында сыйлықтар алуға, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тесттер өткізуге, т.с.с) оқушылар мен олардың ата-аналарынан, педагог қызметкерлерінен қаржы жинауға тыйым салынған. Жетісу облысы бойынша білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында білім басқармасы тарапынан 2023 жылы 25 тамызда №1099-Н бұйрығы шығарылып, барлық облыстық білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары таныстырылды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде ақша жинау бойынша түскен арыздар бойынша облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаев білім бөлімі басшыларымен жиналыс өткізіп, басқарма басшысы 2 рет видеоүндеу жариялады. Өткен 2023 жыл бойы заңсыз ақша жинау бойынша 4 арыз түсті. Келіп түскен арыздар бойынша комиссия құрылып, білім беру мекемелері ұжымынан, ата-аналардан анонимді сауалнамалар алынып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде арызда көрсетілген ақша жинау фактісі анықталған Кербұлақ ауданы, Жоламан орта мектебінің директоры жұмыстан босатылып, Талдықорған қаласының 2 директорына сөгіс берілді. Бұл мәселе облыс әкімдігі мен басқарманың қатаң қадағалауында. @aksu_bilim_bolimi20
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив