15
март
2022
Ұлттық дәстүр
«Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында әз Наурыз мейрамына қарсы «Ұлттық дәстүр» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Әз Наурыз мерекесіне арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени – рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы мен қол өнерін көпшілік, қауымға насихаттайды. Әз Наурыздың маңызын кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мол мағлұматтар арқылы жеткізу – өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әрбір адам үшін таптырмас мүмкіндік.
Кітапханашы Нугманова З.К[/center]