18
октябрь
2022
Діни экстремизм
Бүгін «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» бөлім басшысы Бектемиров Мақсат Калимжанович, «YERKIN» Өнер Академиясы» ЖҚБ төрағасы Ауданбаев Даулет Бірлікұлы келіп «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мекемесінде Ақсу ауданы тұрғындары арасында Діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары және радикалдық сипаттағы Діни ағымдардың әрекеттері мен олардың қоғамға қауіптілігін түсіндіру аясында кешенді іс-шара өткізіп, мектеп ұстаздары мен оқушыларына, ауыл тұрғындары мен ауыл әкімдігінің қызметкерлеріне Діни ағымдар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



