22 май 2023 0 1 2 3 4 5 «Адал ұрпақ» дүкені Бастауыш сынып ұстаздары ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағаты және Адал ұрпақ дүкені 1-4 сынып аралығында «Адал ұрпақ» жобасы арқылы өзіне-өзі қызмет ету жұмысы бойынша бастауыш сыныптар арасында «Адал ұрпақ» дүкені ұйымдастырылды. Бұл жерде сатушы жоқ. Тауарды өзі таңдап алған оқушы, төлейтін ақшасын арнайы қорапқа салады және жанындағы дәптерге алған тауарының атын, өз есімін жазып кетеді. «Адал ұрпақ» дүкенін ұйымдастырудың мақсаты: Қазіргі қоғамдағы дерт жемқорлықты түп-тамырымен жою үшін адалдықты бала бойына жастайынан сіңіру. Бұл жоба бүгінгі күнде оқушыларымыздың қажетіне жарап қана қоймай, «Асылдың бірі — адалдық» деген халық мақалын алға қоя отырып, сол адалдықты бойларына сіңіруде. Жауапты: Байзақова Ғ.М Мерекенова К.Қ Даникенова М Марқабаева А.Қ Бидахмет А.М @aksu_bilim_bolimi20