25 сентябрь 2023 0 1 2 3 4 5 «Жас өрендер» жас ақындар «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13 қыркүйек күні «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жас өрендер» жас ақындарды анықтау іс-шарасы өткізілді. Айтыс пен поэзиядай бекзат өнеріміз арқылы талантты жастардың көзін ашу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қолдау көрсетіп халыққа таныту, қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ жастарының бойына сіңіру. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, жас ұрпаққа қазақ халқының тарихын кеңінен таныту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Жобаға 5-7-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. #1ТОҚСАН#ақындарайтысы @aksu_bilim_bolimi20