02 октябрь 2023 0 1 2 3 4 5 Ұстазым менің ұстазым Ұстаздың сан қырлы әлемі, Санасы, жүрегі – асқақ ар. Қоғамға құрмет әуелі Ұстазды сыйлаудан басталар! дей келе Ақсу ауданы Суықсай ауылы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің директоры мен Канабекова Альфия Нусупбаевна "Ұлағатты Ұстазға ыстық ықыласпен!"челленджіне өз үлесімді қосу мақсатпен бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазымды,сынып жетекшімді білім негізінің сырына бағыт алдырған, өз әлемінде ойлануға үйреткен, таным баспалдағын қалыптастырған, айнала орта, қоғаммен қарым-қатынастарын ізгілікке бағыттаған, жазу, сөйлеу мәдениетінің алғашқы сырларын ашып, өзіндік шығармашылық әлеміне баулыған, болашақ жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына жағдай жасаған, осы үшін бала тәрбиесі ғылымының жаңа тәсілдерін ізденіп, талай кештері мен түндерін ұйқысыз өткізген алғашқы мұғалімім Арасан орта мектебінің мұғалімдері Галымжанова Роза Айтжановна мен Шарипбаев Асқар Қасымұлына алғысым шексіз.Құрметті ұстаздарым! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер.Сіздерге тек мықты денсаулық,ұзақ ғұмыр,бала шағаларыңызға амандық тілеймін! Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын! #ұстазымменіңұстазым @aksu_bilim_bolimi20