1-қазан қарттар күніне орай 10 ә сынып оқушылары Құндақбаев Қызайбек атаның шаңырағына барып, құттықтап қайтты. Зағила апа екеуінің батасын алып, ата-әжемізге көмек қолдарын ұсынды. Сынып жетекшісі Бельгибаева Маржан My Webpage
«Юрий Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23 күні «Мектеп лигасы-2022» ашылу салтанаты мен өткізілуіне мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.
"Юрий Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Суықсай ауылдық округ әкімшілігімен бірлесе отырып "Денсаулық фестивалі" өткізіліп, орын алған оқушылар марапатталды.
«Қуанышыммен бөлісемін» акциясы аясында тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік - психологиялық климат құру.
Сынып жетекшілермен өткізілген семинар. Тақырыбы: "Оқушылардың жағымсыз сайтқа кіруін алдын алу" Мақсаты: жасөспірімдердің жағымсыз сайтқа кіруін қадағалау және алдын алу. Директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Турарбеков, педагог- психолог:Р.К.Жетписбаева