30 октябрь 2023 0 1 2 3 4 5 Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы 📌"Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде" ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жүргізуде. ⚜️ Ата -аналарымызға педагогикалық қолдау орталығының мақсаты міндеті түсіндіріліп, алдағы уақыттағы бағдарламалар таныстырылды . Педагогикалық қолдау орталығының ашылуы салтанаты мектебіміздің ата -аналар комитеттерінің қатысуымен өтті. ⚜️ Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері төмендегідей : 1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру; 2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту; 3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру. Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады. @aksu_bilim_bolimi20