ата-аналарға
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары
Жас ұрпақты жан-жақты, ақылды, парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың өзекті мәселесі. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыруда, мектеп пен отбасылық ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі роль атқарады. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
І. Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының негізгі міндеттері.
- Сынып жетекшінің сынып ата-аналарының құрамын зерттеуі.
- Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
- Мектеп пеен отбасының балаға қоятын талаптарының бірлігі.
- Ата-аналар ұжымын құру.
- Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
- Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру.
ІІ. Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын қызметі.
- Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.
- Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
- Ата-аналарды балалармен бірге педагогикалық әрекетке тарту.
- Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.
- Ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.
Ата-аналар жиналысы.
Тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің басты ощағы.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекшелігін түсіндіру,
ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, көмек көрсетуге, қадағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойын-тренингтер, нақыл сөздер.
Күн тәртібі:
- Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын ролі»
- Топпен жұмыс.
- «Сыйлық» трненинг.
- Жағдаяттардан шығу.
- Қорытынды.
Жиналыстың эпиграфы:
«Ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын.»
(Орыс педагогы П. П. Блонский)
- Сынып жетекшінің баяндамасы тыңдалады.
- Баяндама желісі бойынша топпен жұмыс.
1-топ. 2-топ.
«Әдепті бала –ата-анасын мақтатар «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»
Әдепсіз бала-ата-анасын қақсатар».
- «Сыйлық» тренинг.
Мақсаты: Адамның қалаған затын сыйлыққа алмауы қаншалықты көңіл-күйіне әсер ететінін анықтау.
Шарты: Ортаға ата-аналар шығады. Қағаз бен қалам ұсынылып, үстел үстіндегі сыйлықтардың қайсысын алғысы келеді, соны қағазға жазады. Мұғалім қатысушылардың қалауларын ескермей сыйлықтарды үлестіреді және кімнің қалаулары сәйкес келгенін сұрайды.
Талқылау сұрақтары:
А) Кімнің қалаған сыйлығы келді?
Ә) Сіздің тілегіңіз бен сыйлық сәйкес келгенде сезіміңіз қандай болды? (Қуаныш, рахаттану)
Б) Сіздің иілегіңіз бен сыйлығыңыз сәйкес келмегенде қандай сезімде болдыңыз? (Ренжу, көңіл-күйдің түсуі, не сізді түсінбейтіндей сезімнің пайда болуы)
- Жағдаяттардан шығу.
1-топқа:
«Мен сөйлескім келген кезде сен ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен бірде тігіп жатасың, бірде теледидар қарап отырасың, бірде кір жуып жатасың, яғни ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен әрдайым бос емессің. Мен саған кесел сияқты болып көрінем. Мен сенімен сөйлескен уақытта ешнәрсе жасамай тыңдағаныңды қалаймын.»
2-топқа:
«Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, менің қалай оқып жүргеніме көңіл бөлмейсіңдер, сондықтан менің бағаларым нашар.»
(Ата-аналар өз пікірлерін ортаға салады.)
Үнемі қадағалау Көмектесу
- Қорытынды. Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен де күшті етіп тәрбиелеуге тиіс. Өйткені, олардың заманы ата-аналарының заманына қарағанда анағұрлым күрделі де талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?
Отбасын зерттеу
Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау
Топтастыру
Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт-бағдарын тану
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау
Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек
Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет
Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі
Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері
Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;
зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;
зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Топтастыру. Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету.
Жанұя 5 типке бөлінеді
Балалары үлгілі жанұя | Бала тәрбиесіне ұстаз көмегін қажет ететін жанұя | Ынтымақсыз жанұя | Жағымсыз қасиеттері басым жанұя | Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя |
Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес | Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. бала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді. «Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі. | Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет. | Сырттай қарағанды қолайлы жанұя қатарында болмағанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады. | Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі. |
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:
-Төрт одақ жұмысын жандандыру;(отбасы, бала, мұғалім, қоғам)
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже
-Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады
-Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады
-Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады
-Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады
-қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады
-Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады
Ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады:
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген;
Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар; Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.